"Бәсекеге қабілеті төмен". Қорғаныс министрлігі отандық әскери техникаға қатысты сынға жауап берді

2312
Adyrna.kz Telegram

Қорғаныс министрлігі қару-жарақ пен әскери техника сатып алу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болуы мүмкін емес екенін айтты. Ведомста отандық әскери техникаға қатысты сынға жауап берді, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы.

Қорғаныс министрлігінде қару-жарақ пен әскери техника сатып алу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болуы мүмкін емес. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыны таңдау конкурс өткізу арқылы жүзеге асырылады. Конкурсты тікелей өткізуді Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің МҚТ комитеті (бұдан әрі – ӨҚМ, уәкілетті орган) жүзеге асырады. Орындаушыны таңдауды Комиссия жүргізеді, оның құрамы мен жұмыс тәртібін уәкілетті орган айқындайды,- деді министрлік.

Сондай-ақ, конкурс әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қос мақсаттағы (қолданылатын) тауарларды (өнімдерді) отандық өндірушілердің және мемлекеттік қорғаныс тапсырысының әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді отандық жеткізушілердің тізіліміне енгізілген ұйымдар қатарынан өткізеді.

Комиссия құрамына қызмет бағыты бойынша арнайы білімі бар Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комиеті мен Қорғаныс министрлігінің өкілдері кіреді. Шешім комиссиялық түрде қабылданады.  Кәсіпорындар ұсынған ұсыныстар техникалық ерекшеліктермен айқындалған параметрлер мен шарттарға сәйкес келген жағдайда шешім ең төмен бағаны ұсынған кәсіпорынға қатысты қарапайым көпшілік дауыспен қабылданған болып есептеледі, делінген ведомства жауабында. 

Ал қорғаныс министрлігі техникалық ерекшеліктерді әзірлейді, өнімдерді (қызметтерді) жеткізу саны мен мерзімдерін айқындайды. Бағаны белгілеуге уәкілетті орган (ӨҚМ) жауап береді.

Министрлік «Қазақстан әскерінің қару-жарағы мен әскери техникасының негізгі бөлігі ресейлік (бірлескен) өндірістен шыққан, Ресейге салынған санкциялар бұрын жеткізілген қару-жарақ үлгілерін одан әрі пайдалануға қандай да бір әсері бар ма?» деген сауалға арнайы тоқталып:

Ең алдымен, енгізіліп жатқан санкциялар қару-жарақ пен әскери техника бойынша кеңестік және ресейлік өндірісті одан әрі пайдалануға жол бермеуі мүмкін.  Өйткені компоненттер мен қосалқы бөлшектерді жеткізу [Ресейден] іс жүзінде тоқтатылды, – деп жауап береді.

Сонымен қатар, қару-жарақ өндірісінің өзге жолдарын атап, Қытай немесе Үндістан сияқты қорғаныс өнеркәсібі кешенінің өздерінің отандық кәсіпорындарында қосалқы бөлшектер мен олардың құрамдас бөліктерін өндіруді ұйымдастыру маңызды екенін мәлімдеді:

Әдетте, ресейлік қару-жарақты алушы ел мәміледе сатып алынатын қару-жарақ пен әскери техниканы, оның ішінде Қытай немесе Үндістан сияқты қорғаныс өнеркәсібі кешенінің өздерінің отандық кәсіпорындарында қосалқы бөлшектер мен олардың құрамдас бөліктерін өндіруді ұйымдастыруды қарастырады.

Одан өзге Шығыс Еуропа елдерінде Варшава келісіміндегі, атап айтқанда Сербия, Чехия, Словакия және т.б. елдердің қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өндіру және жаңғырту жалғасуда.

Бұл бағытта қару-жарақ нарығына мониторинг үнемі жүргізіліп отырады. Сонымен қатар, бұл Қорғаныс министрлігі қолдау көрсететін, уәкілетті органның міндеті болып саналады, – деді министрлік.

Сонымен қатар, ҚПИ 2022 жылы жауынгерлік модульді 10 БКМ жеткізу тоқтатылған, сондай-ақ 2023 жылы осындай 18 бірлікті жеткізу де тоқтатылмақ.

«ҚПИ» кінәсі. 2022 жылы Қазақстанның Қорғаныс министрі Р. Жақсылықов Мәжіліс депутаттарының сұрауына жауап беріп, 2023 жылы ҚР ҚК қажеттілігі үшін «Арлан» БКМ-нің 20 бірлігін жеткізу жоспарланғанын мәлімдеген еді.

Министрлік дерегінше, «ҚПИ» кінәсінен жауынгерлік модульсіз кешеннің 2023 жылдың соңына дейін алынады делінген 20 БКМ-нан тек 2 БКМ қабылдануы мүмкін.

«Қалғандары әскери тәжірибеден нәтижелі өткен соң ғана белгіленген тәртіппен қабылданатын болады», делінген хабарламада.

Анықтама ретінде: 2023 жылы мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберінде «Арлан» БКМ-нің 20 бірлігін (жауынгерлік модульмен 18 бірлік және жауынгерлік модульсіз 2 бірлік) сатып алу жоспарланған, шарт бойынша тапсырысты орындаушы «КПИ» ЖШС болып табылады. Осы уақытқа дейін жеткізілмеген, жеткізу мерзімі 2023 жылғы 30 қарашаға дейін.

Соңғы 3 жыл ішінде Қазақстан әскеріне отандық және шетелден шыққан бронды техника түрлерінің жеткізілуіне қатысты министрлік мынадай ақпарат берген:

«2020-2022 жылдарда Қарулы Күштерге тек «Арлан» БКМ-ның (ҚПИ) 48 бірлігі сатып алынды, оның ішінде 2020 жылы – 30 бірлік, 2021 жылы – 18 бірлік. 2022 жылы жауынгерлік модульді 10 бірлік жарақ құрамына қабылданбады, әскери тәжірибеде пайдалану іске асырылып жатыр».

Пікірлер