Біреуі қаза тапты. Алматыда автобус екі адамды қағып кетті

1955
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Алматыда автобус жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан адамдарды қағып кетті. Екі адамның бірі оқиға орнында мерт болды. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.

Ақпарат бойынша, жол апаты 9 қыркүйек күні таңғы сағат 09:05 шамасында болған.

Жолаушылар автобусының жүргізушісі Абай даңғылымен батыс бағытта, Саин көшесінен батысқа қарай келе жатып, жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан екі адамды қағып кетті. Салдарынан 1958 жылы туған ер адам оқиға орнында көз жұмды. Екінші жаяу жүргінші 66 жастағы әйел қаладағы емдеу мекемелерінің біріне жеткізілді. Аталған оқиға ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу ісі реестрінде тіркеліп, сараптамалар тағайындалды, - деп хабарлады ведомство.

Пікірлер