Бабаларымыз күнәһар болған ба? – Ерлан Қошанов

1863
Adyrna.kz Telegram
Фото: kaztag.kz
Фото: kaztag.kz

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов салафизмге тыйым салуға байланысты сұраққа пікір білдірді, деп “Адырна” ұлттық порталы.

Журналист Мәжіліс төрағасына «Елімізде әсіредіншілдердің яғни салафиттердің дауысы қатты шыға бастады. Бұл елімізге қауіпті емес пе? Қазақстан Мәжілісі салафизмге ресми түрде қашан тыйым салады?» деп сұрақ қойды.

Жаңа ғана бір депутатымыз «Домбыра харам» дегенге байланысты депутаттық сауал жолдады. Көрдіңіздер. Енді осыны айтып жүргендер дұрыс па, дұрыс емес пе? Соны айтып жүрген азаматтарға айтар едім, біздің ғасырлар бойы қолына домбыра ұстап жүрген бабаларымыз күнәһар болғаны ма, сонда? Бұл жерде Констиутциямызға қайшы әрекет етіп, діни ағымда жүрген азаматтарға әрине заң түрінде тыйым салуымыз керек, – деді спикер.

Пікірлер