«Үш жасар қыздың етеккірі келген». Алматыдағы жекеменшік балабақшадағы жағдайды кім жасырып отыр?

2819
Adyrna.kz Telegram

Алматыда жекеменшік балабақшадағы 3 жасар қыздың жыныс мүшесі кесіліп, қан кеткені айтылды. Бұл туралы баланың анасы айтты, деп хабарлайды "Адырна" порталы. 

Әлеуметтік желіде тараған видео хабарламада әйел оқиғаның 3 маусымда «Happy Kids» жекеменшік балабақшасында болғанын айтады.

Оның айтуынша, ол 7:50-де кішкентай қызын «аман-есен» балабақшаға әкелген, 9:30-да тәрбиешілері телефон соғып,  шұғыл келуін сұраған.

Күтуші маған алаңдаулы дауыспен телефон соғып, қызымның етеккірі келгенін айтты, дейді. «Мен олардан дереу жедел жәрдем шақыруын сұрап, өзім жұмысымнан шығып бірден бардым», - деді әйел.

Кейін сот-медициналық сарапшылар қыздың жыныс мүшесінің кесілгенін анықтады.

Ол балабақша қызметкерлері баланың жуылған киімдерін қайтарып бергенін айтып, «ауырып тұрған» баланы анасының өзі әкелгенін айтқан.

"Балам екі күн кіші дәретке отыра алмай, бір апта жылады. Ол ыдысқа отырып тырысса да, қатты ауырғандықтан жылап жіберді», - дейді әйел.

Қазақстандық әйел бейнебақылау камераларының жазбасын беруді талап еткеніне балабақшадағылар сол күні бейнебақылау камераларынан ешқандай жазба болмағандықтан, камералар ауыстырылды деген жауап бергенін айтады.

"Мен әлі күнге дейін оған не болғанын білмеймін. Қазір де ол мені дұрыстап қарауға рұқсат бермейді», - деді қыздың анасы.

Әйелдің адвокатының айтуынша, «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер