Тоқаев Душанбеде Рахмонмен келіссөздер жүргізді

1449
Adyrna.kz Telegram

Душанбеде Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды "Адырна" порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президентімен келіссөздер жүргізді», - делінген бейсенбі күні таратқан хабарламада.

Мемлекет басшысы Рахмонға тәжік жеріндегі дәстүрлі қонақжайлылық пен жылы қабылдағаны үшін алғыс айтты.

«Қазақстан мен Тәжікстан президенттері екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен перспективасын, сондай-ақ бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Кездесуде сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастыққа баса мән берілді. Екі ел басшылары стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтуға өзара ниетті екенін растады. », - деп нақтылады Ақордада.

Пікірлер