Мұхамедиұлының үкімі өзгеріссіз қалды

1516
Adyrna.kz Telegram

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының үкімі өзгеріссіз қалдырылып, осы іс бойынша сотталған «Экспонат» ЖШС бас есепшісі Айым Сәдуақасова босатылды, деп хабарлайды "Адырна" агенттігінің тілшісі.

Апелляциялық алқа экс-министр Мұхамедиұлының үкімін, сондай-ақ Сәдуақасованы босату туралы үкімді күшінде қалдырды деген ақпаратты Астана сотының баспасөз қызметінде растады.

Сәдуақасованың жазасын өтеу мерзімі жеті жылдан беске дейін қысқартылды, оның темір тордың ар жағындағы жазасын өтеген әрбір күні, оның ішінде тергеу кезінде де бір жарым жылға есептеліп, бостандыққа шыққанда кішкентай баласының болуы да қоса ескерілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 16 мамырында Мұхамедиұлының үйінде және Ұлттық музейде тінту жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Кейінірек экс-министр өз-өзіне қол жұмсады деген ақпарат пайда болды. Алайда оның өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды, ал Мұхамедиұлының әлеуметтік желідегі жеке парақшасында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына үндеу пайда болды, онда экс-министр сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеудің басталғанын растап, оны белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұловпен келіспеушілікпен байланыстырды. Кейін Жаманқұлов Мұхамедиұлына қарсы арыз жазғанның өзі екенін растады. Сол күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұлттық музей шенеуніктеріне 146 миллион теңгенің ұрлығы үшін айып тағылғанын хабарлады.

2023 жылдың 24 қаңтарында Мұхамедиұлы ісі бойынша ҚР Ұлттық музейі директорының бұрынғы орынбасары Алмаз Нұразханның ұсталғаны белгілі болды.

20 маусымда Мұхамедиұлы сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

 

Пікірлер