Аққұмдық мұғалімдер интернет үшін көрші ауылдарды жағалауға мәжбүр

1618
Adyrna.kz Telegram

Аққұмдық ұстазлар "Күнделікті" толтыру үшін көрші ауыл мен тау-тасты аралауға мәжбүр, деп хабарлайды "Адырна".

Түркістан облысы Аққұм ауылында мобильді интернет жоқ. Жергілікті тұрғындардың айтуынша мұнда тіпті ұялы телефоннан қоңырау шалу үшін биік төбеге шығуға мәжбүр. Байланыс пен интернеттің жоқтығынан ең көп зардап шегетін - ауыл мектебі мұғалімдері.

Мектеп ұстаздарына күн сайын электронды журнал "Күнделікті"  толтыру талап етіледі. Ал бұл ауылдың мектеп оқушылары информатиканы тек теориялық түрде оқуға мәжбүр. Мектеп компьютерлерінен келер пайда жоқ екені айтылды.

Аққұм ауылының тұрғыны, информатика пәнінің мұғалімі Алмасбек Сарман:

«Ғаламторға жалғанған жалғыз компьютер тек мектепте бар. Шектеумен берілген 10 гигабайт тек 30 күнге жоспарланған. Көрші ауылға баруға мәжбүрміз», - дейді.

Айтуынша Аққұмдағы 30-дан аса мұғалім сабақ беріп, жұмыс уақыты аяқатлған соң такси жалдап, байланысы мен интернеті бар ауылдарды жағалап, электронды журналды толтырады. Ал әр күн сайын көрші ауылға бару - шығын. Сондай-ақ ноутбугымен көшеде отырып, бір күндік жұмысының есебін толтыруға мәжбүр.

"Егер адам көп болса, 200 теңгеден шығарамыз. Бір өзің болсаң, мың теңге беремін күн сайын. Шамамен 500 теңге, мың теңгеден. Таныстар болса, арзан алады. Тоқсанның басында қорытынды есеп жасаймыз. Сонда біз түнгі сағат 12-ге дейін істейміз. Бала-шаға үйде қараусыз қалады. Не мектепте емеспіз, не үйде емеспіз. Жұрт күледі Аққұмның мұғалімдері сыған сияқты жүреді немесе қыдырып жүреді деп. "Бұларға рахат" дейді. Бізге рахат емес. Қараусыз бала-шаға. Мектепте отырсақ жақсы емес пе, көп нәрсе істейміз ғой. Уақыттың бәрі жолға кетеді. Қайтарда жаяу-жалпы қайтамыз. Біз мектепте не үйде емеспіз. Аққұм мұғалімдері сығандар сияқты деп келекелейді,немесе біздің қалай демалып жатқанымызды қараңыздар дейді. Бірақ күлуге де уақытымыз жоқ. – дейді бастауыш сынып мұғалімі Құралай Қожабергенова.

Бұл жағдайдан шенеуніктер хабардар болып шықты. Ауылға базалық станция орнатылып, алайда ақаулықтар бар көрінеді. Мәселені шешу үшін 45 метрлік мұнара орнату қажет. Олар тіпті демеуші тапты. Бірақ жергілікті билік ұялы байланыс операторымен келісімге келу мүмкін болмағанын алға тартады.

"Қазіргі таңда МЖӘ 2.0 бағдарламасы жүзеге асырылуда. Министрлік оптика орнатады. Оптиканы төсеу жұмыстарын осы жылдың аяғында немесе келесі жылы бастау жоспарлануда. Осыдан кейін базалық станцияның сапасы жақсарады деп үміттенеміз. – дейді Қазығұрт ауданы әкімдігінің бас инспекторы Ерсайын Нұрлыбек.

Бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге Қазақстандағы интернет пен байланыс сапасы туралы бірнеше сауал қойылған болатын. Астана мен Токиодағы интернет жылдамдығын салыстырудан бас тартқан министрге  тағы да бірнеше сұрақ қойылған болатын. Ал министр  5G байланысы ауылдық жерлерге еніп жатқан жоқ екенін айтады. Базалық станцияны орнату әзірге тек маңызды қалалар мен облыстарда жүзеге аспақ.

Пікірлер