Мемлекет басшысы "ЭКСПО Орталық Азия – 2023" көрмесін аралады

2502
Adyrna.kz Telegram
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан президенттерімен бірге "ЭКСПО Орталық Азия – 2023" көрмесін аралады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Ақордаға  сілтеп.
Душанбеде өтіп жатқан "ЭКСПО Орталық Азия – 2023" көрмесінде Қазақстан алаңы бар. Ол жерде металлургия, химия, жеңіл өнеркәсіп және фармацевтика, құрылыс индустриясы, автокөлік құрастыру, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және басқа да салалар бойынша 130-дан астам кәсіпорынның өнімдері қойылған. Қазақстан экспозициясымен танысушылар тыңайтқыш, алюминий және зергерлік бұйымдар, медициналық жабдықтар, космос аппаратының макеттері, компьютерлер, телекоммуникациялық қондырғылар, ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттары, құрылыс материалдары, киім-кешек, дәрі-дәрмектер, медициналық бұйымдар және басқа да көптеген отандық өнім түрлерін тамашалай алады.
Көрме қонақтарының назарын аудартқан отандық BARK Technology компаниясы әзірлеген жиілігі 20-320 Гц виброакустикалық толқын арқылы өкпені емдеуге арналған VibroLUNG бірегей қазақстандық медициналық аппараты болды. Бүгінде бұл құрылғыны Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның, Беларусьтің, Панаманың, Біріккен Араб Әмірліктерінің және Сингапурдың жетекші клиникалары сатып алған.
Токаев посетил выставку ЭКСПО Центральная Азия – 2023 в Душанбе - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2023
Көрмеге отандық өнім өндірушілер шығарған 40-тан астам көлік, оның ішінде 20 жеңіл автокөлік, 10 ауыл шаруашылығы техникасы, 7 арнаулы техника, 2 автобус және бронды әскери машиналар қойылды.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық павильон экспозицияларымен танысу барысында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға Қазақстанның атынан отандық QazTechna компаниясы құрастырған мектеп оқушыларына арналған автобус және VibroLUNG медициналық жабдығының 3 жиынтығын да сыйға тартты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Эмомали Рахмонның шақыруымен Тәжікстан Республикасына жұмыс сапарымен барған болатын. Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар аясында Қазақстан президенті Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуіне және Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысады деп жоспарланып отыр.
Пікірлер