Шымкенттік ерлі-зайыптылар жалған ақша сатқан

1800
Adyrna.kz Telegram

Шымкенттік екі тұрғыны 4000 еуро сомасында жалған ақшаны сатты деген күдікке ілінген, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

2021 жылы Шымкент қаласындағы банк қызметкерлері алдын ала сөз байласу арқылы өз клиенттеріне жалпы сомасы 4 000 еуро жалған ақша сатқан.

Аталған факт бойынша тергеу жұмыстар жүргізіліп,  нәтижесінде банктің 5 қызметкері кінәлі деп танылған. Олар 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Банк қызметкерлеріне жалған купюра берген азаматқа халықаралық іздеу жарияланып, наурыз айында ол Швецияда ұсталған. Қазір Қазақстанға экстрадицияланып, жазасын өтеуде.

Маусым айында күдікті мен оның жұбайына қатысты іс сотқа жіберілсе, сот үкімімен аталған адамдар кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдері сақтыққа шақырады.

Пікірлер