Кісі өлімі. Шымкентте 28 жастағы тұрғынның мәйіті өз пәтерінен табылды

1664
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Шымкентте 28 жастағы тұрғынның денесі табылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеп.

Басылымның хабарлауынша, ер адамның мүрдесін анасы тапқан. Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі 1 желтоқсанда Қаратау аудандық полициясының 102 пультіне әйелдің қоңырау шалып, пәтерінен ұлының денесін тапқанын айтты.

"Оқиға орнына келіп жеткен жедел-тергеу тобы 28 жастағы ер адамның мойын тұсынан пышақталған денесін тапты. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды", – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Полицейлердің айтуынша, бұл дерек "Адам өлтіру" бабы бойынша тіркелді. Қазір адам өлтірді деген күдіктке ілінген азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары тергеу мүддесіне орай күдікті туралы мәліметтерді әзірге жария етпейтінін айтты.

Пікірлер