Шымкентте көп қабатты үйден өрт шықты

1088
Adyrna.kz Telegram
Фото: Otyrar.kz
Фото: Otyrar.kz

Шымкентте көп қабатты үйден өрт шығып, 50-ден астам адам өз бетінше эвакуацияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті өрттің Тұран ауданында болғанын растады.

Оқиға 14:10-де болған. 

"Тұрғын үйдің 10-қабатында 17 шаршы метр аумақта ас үй өртенді. Өрт 14:48-де сөндірілді. Екі адам баспалдақ арқылы құтқарылды, 50 адам баспалдақпен өз бетінше эвакуацияланды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті. 

Пікірлер