Астана базарынан өрт шықты

856
Adyrna.kz Telegram

Астанада базар өртенді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталв Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.

«Астанада сағат 3.42-де «Шарын» базарының аумағындағы жеке ангарда жиһаздар мен тұрмыстық заттар өртенді. Елордалық өрт сөндірушілер бірден өртті сөндіруге кірісті. Алдын ала ауданы 30 ш.м. Таңғы сағат 5.5-те өрт толығымен сөндірілді», - делінген сәрсенбі күні тараған хабарламада.

Өртті сөндіруге төтенше жағдай қызметінің 10 адамы мен екі техника жұмылдырылды.

«Өрттің шығу себебі анықталуда», - деп қосты Төтенше жағдайлар министрлігі.

Пікірлер