Жоғары лауазымды қызметкерлердің қазақ тілін білуі міндеттелуі мүмкін – Ербол Тілешов

2101
Adyrna.kz Telegram

Бұл жөнінде Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов мәлімдеді, - деп хабарлайды Adyrna.kz тілшісі.

«Жоғары лауазымды қызметкерлерге мемлекеттік тілді білу міндеттелуі мүмкін. Егер бұл жөнінде Үкіметтің қаулысы шығатын болса, Мемлекеттік қызмет агенттігі Президент әкімшілігіне ұсыныс береді. Егер Президент әкімшілігі бұл ұсынысты қолдаған жағдайда мемлекеттік тілді білу міндеттеледі. «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына» сәйкес бұл мәселе 2024 жылғы жобада тұр. Биыл мемлекеттік тілді білу міндеттелмейді», – дейді ол.

Жуырда Қырғыз елі мемлекеттік қызметкерлердің қырғыз тілін білуін міндеттеді. Осы кезде отандық БАҚ «Қазақ елі неге Қырғызстаннан үлгі алмайды?» деп мәселе көтерген болатын.

Пікірлер