Қонаев қаласына 1,4 трлн теңге бөлінеді

1254
Adyrna.kz Telegram

Қонаев қаласын дамытуға республика бюджетінен 1,4 трлн теңге бөлінеді. Бұл туралы шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 - 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарында айтылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

5 жылда 4 трлн теңгеден астам қаражат тарту көзделіп отыр.

Жобадағы қаражаттың 1 трлн 401 млрд 228 млн теңгесін республикалық бюджеттен;

305 млрд 259 млн теңгесін қарызға;

213 млрд 338 млн теңгесін мемлекетік бюджеттен;

62 млрд 440 млн теңгесін ішкі қарыздан;

2 трлн 82 млрд 366 млн теңгесін басқа көздерден тарту жоспарланған.

Пікірлер