Қонаевта екі полицейдің оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түскені айтылды

2411
Adyrna.kz Telegram
tengrinews.kz
tengrinews.kz

Қонаев қаласында екі полицей оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түскен. Бұл туралы НеМолчи ұйымының жетекшісі Дина Тәңсәрі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Белсендінің мәлімдеуінше, облыстық полиция департаменті бұл оқиғадан хабардар.

«Анонимді дереккөз екі ер адамның қызмет бабын пайдаланып, 14 жастағы оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түскенін хабарлады. Оны бейнежазбаға да түсіріп алған. Бізге біреуінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор, ал екіншісінің ғимаратты күзету жөніндегі полицияның қызметкері екені айтылды. Қазір екеуі де қамауға алынып, өткен уақытпен кері жұмыстан шығарылған. Бұл туралы бүкіл полиция бөлімі біледі, бірақ билік үндемеуді бұйырды. Бұл ақпарат қаншалықты сенімді, Рустам Әбдірахманов? ҚР Бас прокуратурасының ақпаратын жеке бақылауға алуды және тексеруді сұраймыз»,—деп жазды ол.

Дина Таңсәрі зорлық көрген қызға психологиялық көмек көрсетуге дайын екенін айтты.

«Адырна» ұлттық порталы бұл оқиға қатысты Ішкі істер министрлігі мен Қонаев қаласының полиция департаментіне сұрау тастады. Әзірге органдар ресми мәлімдеме жасамады.

Пікірлер