Қайрат Боранбаевқа қатысты сот үкімі шықты

1643
Adyrna.kz Telegram

Белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев 6 жылға сотталды. Шешімді Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы шығарды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қазақстандық олигарх ақша жымқыру және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырғаны үшін кінәлі деп танылды.

2023 жылғы 31 наурызда Қайрат Боранбаев 8 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Жазда сот бұл үкімнің күшін жойды, тараптар процессуалды келісім бекіту туралы шешімге келді.

14 қыркүйекте кәсіпкердің 90 миллиард теңгеден асатын активтерді мемлекетке қайтарғаны белгілі болды.

Айта кетейік, Қайрат Боранбаев — экс-президенттің қызының бұрынғы құдасы. Олигархтың қызы Әлима Дариға Назарбаеваның ұлы Айсұлтанға тұрмысқа шыққан болатын.

Пікірлер