Денсаулығына алаңдаған. Сотталған азамат түрмеден әдейі қашқан

1344
Adyrna.kz Telegram

Екібастұзда сотталған азамат қатаң режимдегі колонияға түсу үшін түрмеден қашқан, беп хабарлайды “Адырна” тілшісі Sputnik.kz-ке сілтеп.

Екібастұзда түрмеден қашқан азамат екі күн ішінде Павлодар, Астана қалаларына барып, кейін оралып, өз еркімен прокуратураға барған.

Шідерті кентіндегі түзеу мекемесі қазан айында кеншілер қаласына көшірілмек болған. Өйткені мекеме ғимаратының тозығы жеткен. Алайда түзеу мекемесін бұрыңғы тубдиспансер ғимаратына ауыстыру бір сотталушының қашып кетуіне себеп болып отыр.

37 жастағы жазасын өтеуші 21 қазанда қоныс колониясынан әдеттегідей жұмысына кетіп, қайта оралмағаны анықталған. Ол екі күнде Павлодар, Астана қалаларына барып, кейін қайта оралған.

Сотталған қашқын қатаң режимдегі колонияға түсу үшін әдейі қашқанын мойындаған.

Қылмыстық құқық бұзушылық жасардан 2-3 күн бұрын мекеме әкімшілігі қоныс колониясындағы сотталғандарға тубдиспансер ғимаратына көшкені туралы хабарлаған. Сотталушы басшылардан бұл ғимараттың өмірлеріне қаншалықты қауіпсіз екенін сұраған. Алайда мекеме басшылығы мардымды жауап бере алмаған. Денсаулығына алаңдаған сотталушы қатаң тәртіптегі түзеу мекемесіне түсу үшін әдейі қашқан, - делінген Екібастұз қалалық сотының үкімінде.

Қашқынға қатысты қылмыстық іс "жазаны өтеуден жалтару" бабы бойынша қаралып, барынша қауіпсіздігі жоғары колонияда бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып отыр.

Пікірлер