Ливияда су тасқынынан қайтыс болғандарды жерлеу рәсімі өтуде

1829
Adyrna.kz Telegram

Ливиядағы су тасқыны салдарынан қаза тапқандарды жерлеу рәсімі өтуде. Табиғи апаттан 11 мыңнан астам адам құрбан болса, тағы 10 мыңға жуығы хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Tengrinews.kz сілтемесімен.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сәйкес, барша қайтыс болғандардың бәрін бірге жерлеуге мәжбүр.

Ливияда әлі жоғалған адамдарды іздестіру жалғасуда. Құтқарушылар мен жоғалған азаматтардың туыстары қирандылардың астынан тірі қалғандарды табуға үмітті.

Қазір тұрғындар үйінділерді күрекпен, қолда бар кез келген құралдармен тазалап жатыр. Дернадағы апатқа байланысты өзге елден құтқарушылар тобы да көмекке келген.

Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның хабарлауынша, Ливияның шығысында 68 мыңнан астам баспанасыз қалған. БҰҰ апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында халықаралық қауымдастықтан 71 миллион доллар бөлуді ұсынды.

Жойқын су тасқыны өткен жексенбіде Ливияда болған еді.  Биіктігі бірнеше метрлік толқын қаланың көптеген бөлігін шайып кетті.

Пікірлер