Қазақ көкпары Париж көрмесінде

1628
Adyrna.kz Telegram

Қазақ көкпарына Францияда көрме арналды. Француз деректі фотографы ежелгі көшпелі ойын туралы баяндайтын бірқатар жұмыстарды ұсынды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі "Хабар 24"-ке сілтеме жасай отырып.

Габриэль Гоффр есімді фотограф өткен жылдың соңында Қазақстанда болған. Ол елге арнайы көкпар спортын көріп, түсіру үшін арнайы келгенін айтады.

Француз фотографы түсірілім үшін Шымкент маңындағы ауылдардың біріне барып, әуесқой ойынның куәсі болған.

Әлемнің бірнеше елінде болған азамат Қазақстанға жасаған саяхатынан үлкен әсер алғанын айтады.

Арнаға берген сұхбатында ол жақын арада шығармашылық жобаның аясында Қазақстанға саяхаттау жоспарымен де бөліскен.

Габриэль Гоффр, деректі фотограф:

"Бұл көбінесе Қазақстанды көрсету үшін жасалды. Францияда шын мәнінде көкпардың не екенін білетін адамдар аз. Жаман да, жақсы да сурет жоқ... Мен қазақтардың мақтан тұтатын ойынын және мені таң қалдыратын нәрсені ұсынғым келді",- деп бөліседі ол.

Пікірлер