"АЛМА Fest": Қала күні мерекесінде 127 тонна алма сатылған

1760
Adyrna.kz Telegram

Қала күніне орай Алматы төрінде бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Соның бірі жыл сайын ұйымдастырылатын "АЛМА Fest" атты фестивалі де соңына таяды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Жыл сайын қыркүйек айының үшінші жексенбісінде Алматыда "Қала күні" мерекесі тойланады.

Биыл Алатаудың етегінде орналасқан мегаполистің 1007 жылдығының құрметіне орайластырылған жыл сайын өтетін 12-ші қалалық Алма фестивалі өтті.

Ауқымды іс-шара Тұңғыш президент саябағында ұйымдастырылды. Осы ретте мерекелік шара барысында қала әкімдігінің қолдауымен түрлі мәдени іс-шаралар өтіп, түрлі сортты алмалар сатылымда болады.

Биыл да фестивальге келген қала тұрғындарының назарына алма базары, мейрамханалар жәрмеңкесі, спорттық және концерттік бағдарламалар ұсынылды.

Алматы облысының 4 ауданынан барлығы 25 бау-бақша серіктестігі қатысқан. Облыстық шаруашылықтар сататын алма өткен жылғы 100 тоннадан 127 тоннаға көбейген.

Сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары үшін түрлі мерекелік концерттік бағдарламалар ұйымдастырылған.

 

Пікірлер