Алматыда жаппай төбелеске қатысқандардың барлығы ұсталды

1470
Adyrna.kz Telegram

Алматыда Алмалы ауданында болған жаппай төбелеске қатысушылардың барлығы ұсталды. Бұл туралы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді  деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Полиция жастардың кім екенін анықтап, төбелеске белсенді қатысушылардың бірі уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.

Аталған факті Алмалы аудандық полиция бөліміне тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін 15 қыркүйекке қараған түні жаппай төбелес болғанын, видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткенін жариялаған едік. 

Пікірлер