Қытай Тайваньға 103 әскери ұшақ жіберді

1583
Adyrna.kz Telegram
Фото: Alert5 (ru.wikipedia.org)
Фото: Alert5 (ru.wikipedia.org)

Қытай Тайваньға 24 сағат ішінде 103 әскери ұшақ жіберді. Бұл туралы РБК басылымы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпарат бойынша,  17-18 қыркүйек аралығында Тайвань аймағына 103 PLA ұшағы мен тоғыз PLA кемесі жақындаған.

Анықталған ұшақтардың 40-ы Тайвань бұғазының орта сызығын кесіп өтіп, Тайванның оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс әуе шабуылына қарсы қорғаныс аймақтарына кірді, - делінген хабарламада.

Ал әскери департамент Тайвань қарулы күштері Қытай күштерінің қозғалысын бақылап отырғанын, ұшақтар мен әскери кемелер дайындыққа қойылғанын атап өтті. 

ҚКП армиясының жалғасып жатқан әскери әрекеттері шиеленістің күшеюіне, сондай-ақ аймақтық қауіпсіздіктің нашарлауына әкелуі мүмкін. Біз Пекинді біржақты деструктивті әрекеттерін дереу тоқтатуға шақырамыз, - деді Тайвань қорғаныс министрлігі.

Айта кетейік, 19 тамызда Қытай әскері "сепаратистер мен шетелдік күштер" арасындағы "келіссөзге" байланысты "қатаң ескерту" ретінде Тайвань төңірегінде жаттығуларын бастады. Бұған аралдың президенттігіне үміткер вице-президент Лай Циндэнің Парагвайға сапары кезінде мәлімдемесі, содан кейін транзитпен АҚШ-қа барғандығы себеп болды.

Тайвань қазірдің өзінде Қытай Республикасы деп аталатын егемен, тәуелсіз ел. Ол Қытай Халық Республикасының құрамына кірмейді. Қытай Республикасы мен Қытай бір-біріне бағынбайды. Тәуелсіздікті жариялаудың қажеті жоқ, - деді Лай. 

Пікірлер