Песков Кремльде Қадыровтың денсаулығы туралы ақпарат жоқ екенін айтты

1486
Adyrna.kz Telegram
Фото: kremlin.ru
Фото: kremlin.ru

Кремльде Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыровтың денсаулығы туралы ақпарат жоқ. Бұл туралы РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталф.

Білесіз бе, бізде бұл мәселе бойынша ешқандай ақпарат жоқ. Қалай болғанда да, президент әкімшілігі денсаулық туралы анықтама бере алмайды. Сондықтан бұл жерде сізге айтатын ештеңе жоқ, - деді Песков дүйсенбіде журналистерге.

Қадыровтың жексенбі күні Мәскеуде болуы және президентпен кездесуі туралы сұраққа жауап берген Песков:

Жоқ, менің де айтар сөзім жоқ Путинмен кездесулер болған жоқ, деп түсіндірді.

Айта кетейік, өткен демалыс күндері әртүрлі телеграм каналдарында Қадыровтың денсаулығының нашарлағаны, сондай-ақ оның Мәскеудегі ауруханада жатқаны туралы ақпарат пайда болды. Бір күн бұрын Қадыровтың өзі арнасында «интернеттегі шындықты өтіріктен ажырата алмайтындардың барлығын таза ауада серуендеп, ойларын ретке келтіруге» шақырған видео жариялады. 

Пікірлер