Пышақ пен кетпен ала жүгірген. Алматыдағы "айрықша" жанжал видеоға түсіп қалды

1607
Adyrna.kz Telegram

Алматылық екі тұрғын бір-біріне қару кезеніп, кетпен, пышақ ала жүгірген. Пышақ ұстаған курьер мопедінің кілтін өзіне қайтаруды талап етеді. Екінші бірі қарсыласына кетпен сермеп, сес көрсетпек болады. Жанжалдың себептері белгісіз, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған фактіні Бостандық аудандық полиция бөлімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 293-бабы 3-бөлігі бойынша тіркеп, тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

"Осы қылмысты жасады деген күдікпен 1992 жылы туған азаматша П. ұсталып, пышақ тәркіленді, қылмыстық іс материалдарына қосылды. Қазіргі уақытта оқиғаның басқа да мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер