Министрлікте Ресейдің "сенімді серіктес" болып қала беретіні айтылды

1696
Adyrna.kz Telegram

Ресейдің cауда саясаты тұрғысынан ел серіктесі екені хабарланды. Атап айтқанда, министрлер кабинетінде Ресейдің  қазақстандық өндірушілердің бас импорттаушысы болып қала беретіні айтылды, деп хабарлады "Адырна" ұлттық порталы премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме көрсете отырып.

"Қазақстандық өндірушілер дайын өнімінің айналымы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 3 39,4 млрд болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22%-ға жоғары. Олардың үштен бірі Қазақстаннан шикізаттық емес тауарларды экспортқа тасымалдаудан тұрады.  12,1 млрд доллар сомасына экспорттық жеткізілімдердің ең көп көлемі Ресейге, Қытайға, Өзбекстанға, Түркияға, алыс шет елдерден — Нидерландыға, Ұлыбританияға, Жапонияға жөнелтіледі", - делінген сейсенбі күнгі хабарламада.

Нақтырақ айта кетейік, Ағымдағы жылдың алты айында қазақстандық дайын өнімдерді экспорттау көлемі айтарлықтай өскен. Әрі оны жаһанда жеткізу ауқымы да 114-тен 125 елге дейін кеңейген.

"Отандық тауар өндірушілердің сыртқы нарыққа шығуын қамтамасыз ету үшін ҚР сауда және интеграция министрлігі экспорттаушыларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетіп отыр. Бұл - сауда миссияларын ұйымдастыру, халықаралық көрмелер мен бизнес-форумдарға жөнелту, оқыту жобалары мен бағдарламаларына қатыстыру сынды бағдарлар. Осылайша, акселерация бағдарламасы қазақстандық компанияларға жаңа нарықты игеруге көмектеседі. Биыл бағдарламаға қатысу үшін тамақ, химия, тоқыма және қызмет көрсету салаларын экспорттайтын 111 кәсіпорын таңдалды.Экспорттаушы компанияларға қолдау көрсету үшін сауда-экономикалық жобалар ұйымдастырады", - деп нақтылады Министрлер кабинеті.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер