Аза күнін жариялаған Путин Украинаны кіналай сөйледі

2156
Adyrna.kz Telegram

Ресей президенті Владимир Путин Крокус Сити Холлдағы терактіге байланысты үндеу жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Kremlin.ru сайтына сілтеп.

Крокус Сити Холлдағы теракт жасаған төрт кінәлі де табылып, ұсталды, олар қашуға әрекеттенді, деп хабарлады РФ президенті.

«Тергеуге келетін болсақ, біз мынаны айта аламыз: төрт қылмыскер де табылып, ұсталды, олар қашуға әрекеттеніп, шекарадан өту үшін өздері дайындаған жолдары арқылы Украинаға қарай жылжыды. Біз ақымақтықпен жоспарланған лаңкестік шабуылға, нақтырақ айтсақ қорғансыз адамдарды жаппай өлтіруге шыққан адамдарға қарсы тұрдық. Қылмыскерлер нақты адамдарды жоюды көздеді», - деді Ресей президенті.

Пікірлер