Сотталғандар үшін Қадір түніне орай амнистия жарияланды

871
Adyrna.kz Telegram
Фото: president.uz
Фото: president.uz

Түркіменстанда Қадір түніне орай сотталғандарға рақымшылық жасалады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Ел президенті Сердар Бердімұхамедов рақымшылық жасау туралы жарлыққа қол қойды.

29 наурызда Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов үкіметтің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне арналған отырысында дәстүр бойынша қасиетті «Гадир Гиджеси» түні, яғни Қадір түні құрметіне, бұрын сотталған 356 азаматқа рақымшылық жасау туралы жарлыққа қол қойды.

Республика басшысы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Бегенч Гундогдыевке құқық қорғау органдарының басшыларымен бірлесіп, бостандыққа шыққан азаматтардың үйінде отбасымен бірге болуы үшін қажетті жұмыстарды жүргізуді тапсырды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы облыс, аудан, қалалардың басқарма басшыларына рақымшылық жасалған адамдарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берді.

Пікірлер