"Жолыңыз болсын!" Индерборға 10 млн теңгелік белгі қойылмақ

1855
Adyrna.kz Telegram

Атырау облысының Индер ауданының кіре берісіне ауданның аты жазылған белгі орнатуға жергілікті бюджеттен 10 071 428 теңге қаржы бөлінді, - деп хабарлайды Адырна ұлттық порталы goszakup.gov.kz/ сайтына сілтеме жасап.

Индер ауданы Атырау облысындағы 33,5 мың халық тұратын іргелі елдімекендердің бірі. 10,9 мың км2 алып жатқан жері бар. Аудан құрамында 1 кенттік, 6 ауылдық әкімшілік округі және оларға қарасты 13 ауыл бар. Аудан орталығы - Индербор кенті.

Осы ауданның кіреберісіне бір қапталында «Индер ауданы», екінші бетінде «Жолыңыз болсын!» деген жазуы бар белгіні орнатуға "Жарсуат ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі 10 071 428 теңге бөлген.

Тендер 15 қыркүйек күні жарияланған, жеңімпаз 22 қыркүйекте анықталады.

Техникалық сипаттамадағы деректерге қарағанда белгінің биіктігі 8 метр, ені 6,120 болмақ. Қазынадан 10 миллион қаржы бөлінген белгінің құрылымы тым қарапайым. Белгіні жасаған мамандар ерекше көркемдік шешімдерге бармаған. Керегеге керілген қос найза мен оның басындағы дөңгелек ішіндегі суреттер символикалық тұрғыдан өңір тарихын  дәл сипаттайды деу қиын. «Жолыңыз болсын!» деген жазудағы әріптердің өзі бірізді емес.

Қанат Бірлікұлы

Адырна ұлттық порталы

Пікірлер