Президент Тоқаев: Дипломатия және диалог - Украина дағдарысын шешудің бірден-бір жолы

1298
Adyrna.kz Telegram

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясына жиналған көшбасшылар адамзат тағдыры мен болашағы үшін жауапты екенін алға тартып, сөз сөйледі, деп жазады "Адырна". 

"Диалог – жаңа қағидаттар мен нормалар бойынша келісімге келуге мүмкіндік беретін қолайлы жағдай жасаудың бірден-бір жолы. Барлық күш-жігерге қарамастан, әлемнің көптеген аймақтарында қақтығыстар жалғасуда. Біз барлық тараптарды БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқықтың жалпыға танылған нормалары негізінде қақтығыстарды дипломатиялық жолмен шешуге шақырамыз. Осыған байланысты Қазақстан Украина дағдарысын саяси жолмен реттеуді қолдау үшін түрлі мемлекеттер мен елдер топтары ұсынған барлық күш-жігер мен жоспарларды жоғары бағалайды. Халықаралық дауларды шешуде әрқашан дипломатия мен диалог басым болуы керек. Сондықтан, біз жаһандық институттардың жалғыз қолданыстағы жүйесін тұрақтандыру үшін бар күш-жігерімізді бірлесіп жұмсауымыз керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікірлер