ҰҚК операциясы. Маңғыстауда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері мен жетекшісі ұсталды

1534
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура мен полиция қызметкерлерінің бірігуімен Маңғыстау облысында бопсалау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру және заңсыз қару сақтау күдіктері бойынша бір топ адамның әрекетін тоқтатты, - деп хабарлайды "Адырна" порталы. 

Қыркүйектің 18-і күні өткен операция барысында қылмыстық топтың жетекшісі мен үш қатысушысы ұсталып, атыс қаруы мен оқ-дәрі тәркіленді.

"Қолда бар мәліметтерге сәйкес, олар физикалық зиян келтіреміз деп қорқытып, аймақтық және халықаралық бағыттар бойынша жеке тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлерден ақша талап еткен. Шабуылдағандардың аты-жөні анықталды, оның ішінде шекара қызметінің кезекші әскери қызметкері де бар", - деді Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Соттың санкциясымен ұсталған тұлғаларға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Жедел-іздестіру шаралары жалғасуда.

Пікірлер