Жезөкшелікпен айналысқан 43 бойжеткен полицияға жеткізілді

2099
Adyrna.kz Telegram
tengrinews.kz
tengrinews.kz

Kyzdar.net сайтының 40-тан астам бойжеткені Астана полициясына жеткізілді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Kyzdar.net сайты бұғатталып, 40-тан астам бойжеткен полицияға жеткізілген.

«Астана қаласы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері елордада жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жайлар беретін тұлғаларды, сондай-ақ интимдік қызмет көрсететін тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді. Осылайша, операция барысында Kyzdar.net сайты арқылы жарияланған сауналар, денеге массаж жасайтын бөлмелер, интимдік қызмет көрсетілетін пәтерлер тексерілді. 43 қыз полицияға жеткізілді», - деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Пікірлер