Қазақстан Түркі инвестициялық қорына мүше болады

1674
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Қазақстан Түркі инвестициялық қорына мүше болады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы lsm.kz сайтына сілтеп.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, Түркі инвестициялық қорын құруды Әзірбайжан ұсынған.

Қор түркі әлемінің бірлескен қаржы институты болып табылады. Қор келесі функцияларды орындайды: жобаларды қаржыландыру, физикалық және цифрлық инфрақұрылымды қолдау, туризм және жасыл экономика, - деді бұл туралы министр.

Қордың ортақ акциясы - $350 млн. Мұнда әрбір мүше елдің $70 млн жарнасы бар. «Түркі мемлекеттері ұйымының» бұрынғы Бас хатшысы Бағдат Әміреев қордың президенті болып тағайындалды. Ал штаб-пәтер Ыстамбұлда орналасқан.

Пікірлер