“Неліктен әбігерге түсуім керек?“ Қадыров ауруы туралы қауесетке жауап берді

2157
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров өзінің ауруына қатысты қауесетті жоққа шығарып, Орталық клиникалық ауруханада емделіп жатқан ағасы Магомед Қадыровқа барғанын айтты. Бұл туралы ол Telegram-арнасына видео жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қадыровтың айтуынша, ол Мәскеуге жұмыс сапарымен барған кезінде Орталық клиникалық ауруханаға да соғып кеткен.

 - Денсаулығыма қатысты қауесеттерге түсініктеме берейін. Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын, мен аман-саумын, тіпті ауру болсам да неліктен әбігерге түсуім керек? Енді оқырмандар да қай БАҚ және қай адамдардың өтірік ақпарат беретінін біліп жүретін болды, – деп жазды

Пікірлер