Әсем қала – Алматы: мегаполисте фотобайқау өтті

1293
Adyrna.kz Telegram
almaty.tv
almaty.tv

Алматының мәдени мұрасын дәріптеу. Осы мақсатта мегаполисте «Әсем қала – Алматы» фотобайқауы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қалалық қоғамдық даму басқармасының қоғамдық даму орталығы ұйымдастырған іс-шараға 13 пен 62 жас аралығындағы 400-ге жуық адам қатысты. Үздік деп танылған 20 фотосурет көше бойына қойылып, сарапшылар мен әділқазылар алқасы жеңімпаздарды іріктеді. Байқау сүйікті қаламыздың әсем келбетін фотоөнер арқылы көрсетіп қана қоймай, туристік орталық ретінде беделін арттыруды көздейді.

– Таңдау процесі кезінде плагиаттар да кездесті. Интернеттен бір суретті алып, бірнеше адам жіберген. Соңында 100 адамның ішінен фотосын іріктеу барысында кәсіби фотографтың кеңесіне жүгіндік. Есептей келе, 20 бала финалға шықты. Қаржылай сыйақы болғандықтан, өте тиянақты дайындалу керек болды, – деді фотобайқау ұйымдастырушысы Мадияр Сарыбай.

– Байқаудың өтетінін достарым айтты. Қатыстым, басында қатты үміт болған жоқ. Бірақ екінші кезеңге өткеннен кейін үміт пайда болды. Бір нәтижесі шығып қалар деген оймен қатыстым, – деді фотобайқауға қатысушы Алтынбек Рахымбек.

Пікірлер