Хиджаб киюден бас тартқандар 10 жылға бас бостандығынан айрылады

3834
Adyrna.kz Telegram

Иран парламенті «Хиджаб және пәктік туралы» заң жобасын қолдады. Онда «орынсыз» киінген және «дресс-кодты бұзған» әйелдерді 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және айыппұлдар қарастырылған, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.

Заң жобасын 152 парламент мүшесі қолдаса, 34-і қарсы дауыс берді.

Қазіргі уақытта қоғамдық орындарда әйелдердің дене мүсінін жасыру үшін хиджаб пен ұзын, кең киім киюге міндеттелді. Бұл заңды бұзған әйелдер айыппұл төлейді немесе қамауға алынбақ.

Парламент қабылдаған өзгерістер 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру мен 7302 долларға дейін айыппұл төлеуді қарастырып отыр.

Бұған қоса, «дресс-кодты бұзуды ұйымдасқан түрде насихаттаған» кез келген адам 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ал БАҚ пен әлеуметтік желілерде «жалаңаштануды насихаттайтындар», «хиджабты келемеждейтіндер», сондай-ақ жүргізуші немесе жолаушы әйел заңда белгіленген киім кимейтін көлік иелеріне айыппұл салынады.

БҰҰ-ның сегіз тәуелсіз адам құқықтары жөніндегі сарапшысы бұл заң жобасы адамның негізгі құқықтарын бұзады деп ескертті. Иранда бұл тәртіп бастапқыда сынақ түрінде жүзеге асырылады делінеді.

Пікірлер