Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары. Президенттер не туралы сөйлесті?

1530
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте ядролық қарудан азат аймақ туралы шартқа теріс кепілдіктер туралы хаттаманы ратификациялауының маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Мемлекет басшысы АҚШ-тың Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шартқа теріс кепілдіктер туралы хаттаманы ратификациялауының маңыздылығын атап өтті. Бұған дейін хаттаманы Қытай, Ресей, Франция және Ұлыбритания сынды бірқатар елдер ратификациялаған.

Жиында Орталық Азия солтүстік жарты шарда аумағында ядролық арсеналдарды орналастыруға тыйым салынған жалғыз аймақ екені атап өтілді. Осындай аймақтар Латын Америкасында, Африкада, Оңтүстік-Шығыс Азияда және Оңтүстік Тынық мұхитында құрылған.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке сапары аясында Орталық Азия және АҚШ мемлекет басшыларының саммитіне қатысқанын еске саламыз. Саммитте Тоқаев АҚШ президенті Джозеф Байденнен кейін сөз сөйлеген еді.

Кездесу барысында мемлекеттер арасындағы стратегиялық әріптестікті, саяси диалогты, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары, сондай-ақ Еуразиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау мәселелері талқыланды.

Пікірлер