224 млн теңге бөлінген Ақтөбенің итінде арман бар ма?!

1569
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе облысының Ветеринария басқармасы мемлекеттік мекемесі биыл қаңғыбас иттер мен иесіз мысықтар үшін облыстық бюджеттен 224,8 миллион теңге бөлген, - деп хабарлайды Адырна тілшісі аталған мекеменің ресми хатына сілтеме жасап.

Бұған дейін Адырна ұлттық порталында "Қарғалы ауданы қаңғыбас ит пен мысықтарды "піштіруге" 6 165 550.00 теңге қаржы жұмсайды"   деген мақала жариялаған болатын.

Сол мақалаға қатысты Ақтөбе облыстық Ветеринария басқармасына хат жолданып, Қарғалы ауданының қаңғыбас ит пен мысығына 6 миллионнан аса қаржы жұмсалғанын мысал ете отырып, қалған аудандардағы ахуалды сұрағанбыз.

Ветеринария басқармасынан келген жауапта:

"Сіздің 2023 жылғы 18 қыркүйектегі № ЗТ2023-01818819
өтінішіңізге байланысты келесіні хабарлайды.

2023 жылға облыс бойынша
қаңғыбас жануарларды аулау, уақытша ұстау, бірдейлендіру, стерильдеу жұмыстарына 224,8 млн
теңге қаржы бөлінді.

(Оның ішінде аулау жұмысына 52,9 млн, күтіп бағуға 135,4 млн,
бірдейлендіруге 11,9 млн, стерилизациялау жұмыстарына 24,7 млн теңге.)" делінген.

Бір облыстың қаңғыбас иті мен иесіз мысығына халықтың қалтасынан 224,8 миллион теңге ақша жұмсалады.

Бұл көп пе, аз ба, өзіңіз бағамдай беріңіз!

Қанат Бірлікұлы

Адырна ұлттық порталы

Пікірлер