Алматы облысында көлікті тізгіндеген жасөспірім жаяу жүргіншілер жолағында 6 баланы қағып кетті

2052
Adyrna.kz Telegram

Subaru маркалы авто көлігін басқарған жасөспірім Алматы облысында 6 баланы қағып кетті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 

Алматы облысында 21 қыркүйек күні 15 жастағы жасөспірім көлік тізгініне ие бола алмай, тротуарда алты баланы қағып кеткені туралы Алматы облысы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"21 қыркүйекте Райымбек ауданының БББ-ға 15 жасар кәмелетке толмаған бала Нарынқол кентінде Subaru маркалы көлік құралын басқара отырып, рульді басқара алмай, тротуарға шығып, жаяу жүргіншілерді қағып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Осы жол-көлік оқиғасы салдарынан 2008 жылы туған алты кәмелетке толмаған бала зардап шекті, олардың бесеуі әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада.

ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі (көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Қазіргі уақытта сараптамалық тексерулер тағайындаумен тергеу әрекеттері жүргізілуде. Айта кетейік, кәмелетке толмаған бала өзінің ағасы болып табылатын көлік иесіне ескертпестен көлік кілтін алып кеткен. Дүкенге бара жатқан жолда осы оқиға орын алған",-делінген.

Пікірлер