Атышулы Төреғали Төреәлінің 20 күнге қайта қамалғаны айтылды

2439
Adyrna.kz Telegram

Алматының Түрксіб аудандық сотында қазақстандық әнші, "Ұлы Дала баласы" атымен танылған Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қаралғаны айтылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Dalanews-ке сілтеме жасап. 

Қазақ эстрадасының әншісі Төреғали Төреәлінің басы даудан арылмаған. Осы жолы әншінің үстінен тағы да қылмыстық іс қозғалғаны айтылды.  Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Түрксіб аудандық сотында Т.Әлихановқа (Төреғали Төреәліге) қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қаралып жатыр.

"Айта кетсек, ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы 1-бөлігіне сәйкес, билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау – 80 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не болмаса 20 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу қарастырылған.",-делінген хабарламада.

Осыдан біраз уақыт бұрын, 14 маусым күні Алматыда есірткіге масайған әншінің полицейлерге бой бермей, оқиғаға орнынан қашпақ болғаны үшін ұсталғаны туралы видео әлеуметтік желіде тараған болатын. Ол өз жазасын өтеп, қайта бостандыққа шыққан еді.

Пікірлер