Әнші Димаш Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберген жанкүйерлеріне алғыс айтты

788
Adyrna.kz Telegram
Фото: dimashnews.com
Фото: dimashnews.com

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберіп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Әнші бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Ол әлемнің түкпір-түкпірінен Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберіп жатқан жанкүйерлеріне алғыс айтты.

“Маған әлемнің әр еліндегі жанкүйерлерім су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға гуманитарлық көмек көрсетіп жатыр деген ақпарат жетті. Осындай қысылтаяң кезеңде қолдау көрсеткен жандарға алғысым шексіз. Сүйем сіздерді!” – деді әнші Димаш.

Пікірлер