Шымкентте пара алып сотталған экс-шенеуніктер айыппұлмен құтылды

1338
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте парамен ұсталған шенеуніктер айыппұл арқалап, жазадан құтылғаны туралы айтылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Шымкенттің келбетіне жауапты қалалық сәулет, құрылыс және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары мен бөлім бастығы сыбайлас жемқорлық жасады деп айыпталған болатын. Алайда сот оларды бас бостандығынан айырмады, миллиондаған айыппұл салды.

Үшінші мегаполисте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс мамыр айында басталған. Тергеу барысында жер учаскесін мемлекеттік алып қою кезінде бюджет қаражатын кедергісіз төлем үшін басқарма басшысының орынбасары мен бөлім бастығының алдын ала сөз байласу бойынша кәсіпкерден бес миллион теңге көлемінде пара алғаны айтылған еді. Алайда экс-шенеуніктердің аты-жөні аталмады. Тек заңға қайшы әрекеттері үшін оларға миллиондаған айыппұл салынғаны белгілі. Осылайша олар темір тордан аман қалған.

Сот үкімімен олар жауапты қызметтерінен босатылды. Бұл туралы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші орынбасары хабарлады.

"Шымкент қаласының сәулет басқармасына қатысты басшының орынбасары мен бастығына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Сәулет басқармасы басшысының орынбасары 50 млн теңге айыппұл, бөлім басшысына 58 млн теңге айыппұл салынды", – деді Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының орынбасары Рүстем Танабаев.

Пікірлер