Ауылдасы Ринат Заитовты тұтас ел болып қолдауға шақырды

10055
Adyrna.kz Telegram

"Адырна" ұлттық порталының редакциясына қоғам белсендісінен үндеу келіп түсті. Азамат өз үндеуінде еліміздегі жалпыхылықтық негізде талқыға түсіп жатқан мәселеге назар аударып, пікір білдіреді. 

Сонымен қатар, қоғам белсендісі айтыскер ақын, ҚР Мәжілісінің депутаты Ринат Заитовты тұтас халық болып қолдауға шақырып, оның шыққан тегі, өскен-өнген жеріне қатысты:

- Қадірменді халқым! Мынау Ринат туралы бүкіл Қазақстан шулап жатыр. Шетелдегі Ержан Тұрғымбай деген бар. Өзінен басқа жан жоқ сияқты, неше түрліні айтады. Біреулерді сөйлетіп жатыр. Ринатты қазақ емес дейді. Ринаттың туған атасы Дүйсекенов Заид деген кісі болған. Марқұм бірсөзді, әділетсіздікке төзбейтін, айтқан сөзі мірдің оғындай адам еді. Ал нағашы атасы Сүлейменов Қалиасқар деген кісі болды. Соғысқа қатысқан, Ұлы Отан соғысының ардагері болған, бір аяғын берген ерекше мінезді ақын адам еді... Риат сондай адамдардың ұрпағы ғой. Ринатты қолдаңдар. Парламентте Ринат сияқты саусақпен санарлық қана адамдар отыр. Барлығы үлгі алсын, - деді қоғам белсендісі. 

Естеріңізге сала кетейік, Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Қазақстанда жасалып жатқан алаяқтықтардың 80 пайызын жат түсініктегі жандардың жасайтын мәлімдеді. Бұл туралы депутат «Adyrna» ұлттық порталына берген сұхбатында айтты.

- Өтірік десе, бетіме бассын. Тіпті қарапайым базарға барыңыз, басқа жерге барыңыз «Алла» деп тұрып адам алдап жатыр. Онда жанашыр адамдар осыны түзетсін, - деді ол.

<

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер