"Балаларым Қазақстанның Ислам халифатына айналғанын көрсе деймін". Діндар азамат ойын ашық айтты

4907
Adyrna.kz Telegram

Ақпараттық кеңістікте саясаткерлер, қоғам белсенділері мен азаматтардың Қазақстан мемлекетінің саяси яки діни құрылымына қатысты пікірталастары жарық көрді. Пікірталасқа қатысқан азаматтар Қазақстанның саяси ұстанымын, елдегі дінге қатысты процестерді талқыға салды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жүргізуші Рахым Ошақбаев, саясаткер Мұхтар Тайжан, Заңгер Олжас Билялов және оқытушы Ғазиз Әбішев қатысқан сұхбатта Қазақстанның Ислам мемлекетіне айналуы, шариғат заңына бағынуы немесе құқықтық мемлекет жолымен жүруі сынды мәселелер талқыланады.

"Сіз келешекте Қазақстанның Ислам мемлекетіне айналғанын қалайсыз ба?" деген сұраққа қатысты жауап берген алғашқы қонық бұл күннің келуін "асыға күтетінін" ашық айтты. Саясаткер Мұхтар Тайжан мұндай пікірге қарсы шығып, "иман мен сенім әркімнің жүрегінде болу қажет" екендігін жеткізді.

Сонымен қатар, саясаткер Қазақ топырағында Ислам халифатын құрудың негізсіз екенін алға тартты. Мұнымен қоса, қазіргі халифат елдеріндегі түрлі қиындықтарды талдап, адам құқықтарының аяққа тапталып жатқанын жеткізді. Түркия мемлекетінің Ислами мемлекетке айналғанда емес, Ататүрік басқарған кезде гүлденгенін ұғындырды.

Саясаткер Қазақстанды біртіндеп халифатқа айналдыру жоспарының "домбыраға қарсы шауылмен" бірге басталып кеткенін айтады.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер