Әбиба Әбужақынова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

2155
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ханчжоуда (ҚХР) өтіп жатқан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Осылайша ел қоржынына Азиаданың алғашқы медалі түсті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Финалда Әбиба Әбужақынова жапондық Натсуми Тсунодомен кездесіп, есе жіберді.

Айта кетейік, Жазғы Азия ойындары Ханчжоуда 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Спорттық додаға 45 елден 15 мыңнан астам спортшы қатысып жатыр. Олар спорттың 40 түрінен 481 медаль үшін күреседі.

Пікірлер