Латвияда орыстілді БАҚ жұмысын тоқтатуы мүмкін

1461
Adyrna.kz Telegram

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Латвияда орыс тіліндегі қоғамдық БАҚ жұмысын тоқтатуы мүмкін, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі rus.lsm.lv-ға сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, елдегі орыстілді БАҚ-ты жабу талабы — Ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасының тармақтарының бірі. Мұндай құжатты Ішкі істер министрлігі төрт жыл сайын әзірлейді.

«2022 жылы мемлекетке төнетін қауіп-қатерлерге жаңа талдау жасалды. Осылайша бұл жоба өмірге келді»,—деді ІІМ салалық саясат департаменті директорының орынбасары Имант Закис.

Ол аталған құжаттың Латвия сейміне және президент кеңсесіне жіберілгенін атап өтті. Қаулы 1 қазанға дейін қабылдануы тиіс.

Пікірлер