СЕЙІТҚАСЫМ ӘУЕЛБЕКОВ: Хиджап туралы министр Балаеваның пікірін естідім. Бірақ заң мамандарының ауыз ашқанын байқамадым.

1528
Adyrna.kz Telegram
Өткен айдың соңында, оқу министрі Габриел Аттал мектеп мекемесіне abaya киіп келуге тиым салынатынын айтқан болатын. 300-ге таяу қыз балдар абайасымен келген еді. Мектепке кіргізбей, әрқайсысының әке-шешесінің атына жеке хат жолдады министр Аттал.
Қарсы болғандар болды, алғашқыда. Қазір тиылған сияқты, себебі ол туралы ақпарат жария етілмейді.
Дегенмен, әсіре діндарлар қарсыластықтың түрін өзгертіп жатыр.
Мына хабарға қарағанда, 16 және 17 жастағы екі жасөспірім бір колледждің (біздіңше - орта мектеп) білім беру жөніндегі аға кеңесшіге телефон арқылы доқ (harcèlement) көрсеткен.
Полиция оларды ұстап алып, қылықтарының себебін сұраса, интернет арқылы келіп түскенін айтыпты жасырын діни бағыттаушылар.
“Құқық-мықығым бар” деп, біздің надандардың сөзін айтпапты, себебі дебат кезінде жігін ашып, жолын көрсетіп қойды заң мамандары мен Әділет министрі.
Хиджап туралы болған дискуссияда министр Балаеваның пікірін естідім. Өкімет басшысының сөзін де, бірақ заң мамандарының ауыз ашқанын байқамадым.
Стратегиялық институттың арнаулы мамандарының, философия, заң, этнология Инстуттарының ғалымдарының пікірін де көргенім жоқ. Олай болса, ондай институттардың керегі не?
Президенттің сөзін қайталау ма, тоты құстай?
Мәселе бастағы орамалда емес, Конституцияда бекітілген принципті қорғауда.
Сондықтан, жауынның құртындай - не өлі, не тірі емес - шұбалаңдап жатудың қажеті жоқ.
Батыл да пәрменді қимылмен конституциялық жолдың мызғымас екендігін көрсету керек баршаға.

 

 

 

Пікірлер