Қазақстанға Еуразиялық одақ елдерінен бидай әкелуге тыйым салынды

1581
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен автомобиль көлігімен және теміржол арқылы бидай әкелуге тыйым салынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сырттан бидай жеткізуге қатысты тыйым салу мерзімі алты айға көзделген.

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, ел ішіне сырттан белгілі көлік құралдары арқылы бидай жеткізу шектелді. Құжатта:

- Алты ай мерзімге: Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен автомобиль көлігімен және темір жол көлігімен бидай әкелуге тыйым салу енгізілсін, - деп нақты көрсетілген.

Дегенмен, шектеудің лицензияланған элеваторлардың, астық өңдеушілердің, құс шаруашылығы кәсіпорындарының мекенжайына темір жол көлігімен бидай әкелуге қатысы жоқ.

Құжатта аталмыш бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелетіндігі жазылған.

"Адырна"ұлттық порталы

Пікірлер