Әзірбайжан әскері Таулы Қарабақтың экс-премьері Варданянды ұстады

1570
Adyrna.kz Telegram

Әзірбайжан әскері Рубен Варданянды Таулы Қарабақтан Арменияға кетпек болған сәтінде қолға түсірді. Миллиардер Варданян Таулы Қарабақ «үкіметін» ақпан айының соңына дейін басқарды, деп хабарлайды "Адырна". 

Сәрсенбі, 27 қыркүйекте Әзірбайжан шекара қызметі ұсталған бұрынғы «премьер-министрдің» суретін жариялады. Ведомствоның мәліметінше, Варданян Бакуге жеткізіліп, «тиісті шешім қабылдау үшін Әзірбайжанның мемлекеттік органдарына» тапсырылған.

Бұған дейін Варданянның ұсталғаны туралы оның әйелі Вероника Зонабенд хабарлаған. «Бүгін таңертең менің күйеуім, меценат, кәсіпкер және Арцах Республикасының (Таулы Қарабақ республикасы - ред.) бұрынғы премьер-министрі Рубен Варданян мыңдаған басқа адамдармен бірге Арцахты тастап кетпек болған кезде шекарада Әзербайжан билігі тұтқындап, қолға түсірді», - деді ол. Зонабенд Варданянның Армениямен шекарада Әзірбайжан бақылау-өткізу пункті орналасқан Акари көпірінен өтіп бара жатқанда ұсталғанын түсіндірді.

 

Пікірлер