Ресей Air Astana-ға иелік ететін компания басшысына қарсы санкция салды

1564
Adyrna.kz Telegram

Ресей британдық BAE Systems қорғаныс компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Крессида Хоггқа қарсы санкция салды, деп хабарлайды "Адырна" порталы. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды. 

«Қазір елге кіруге тыйым салынған британ азаматтарының тізімінде Радакиннен басқа Ұлыбритания үкіметінің Біріккен барлау комитетінің төрағасы Мадлен Алессандри де бар. Крессида Хогг, BAE Systems британдық қорғаныс компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы ретінде Лондонның украиндық бағыттағы стратегиясын жасауға қатысқан», - деп хабарлады сәрсенбіде Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінде.

Естеріңізге сала кетейік, BAE Systems қазақстандық Air Astana әуе компаниясының 49% акциясына иелік етеді, қалған 51% акциясы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ бақылауында.

Пікірлер