Хэрри Поттер фильмінде Дамблдорды сомдаған Майкл Гэмбон қайтыс болды

1305
Adyrna.kz Telegram

Британдық және ирландиялық актер Майкл Гэмбон 82 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ол Хэрри Поттер фильмдеріндегі профессор Альбус Дамблдор рөлімен танымал.

Гэмбон төрт рет (1987, 2000, 2001, 2002) үздік ер адам рөлі үшін BAFTA TV сыйлығымен марапатталды және Эмми сыйлығына (2002), Алтын глобус сыйлығына (2003) ұсынылды. Хэрри Поттер фильмдерінде профессор Альбус Дамблдор рөлін сомдаған.

Майкл Гэмбон 1940 жылы 19 қазанда Ирландияда дүниеге келген. Оның театрдағы дебюті 1962 жылы Дублиндегі «Гейт» театрында өтті - ол Уильям Шекспирдің «Отелло» қойылымында эпизодтық кейіпкерді сомдады. Кейін оны британдық театр режиссері Лоренс Оливье байқап, Корольдік ұлттық театрға шақырады.

1967 жылы Гэмбон  Бирмингем театрына тәжірибе жинақтауға барды, ол алғаш рет «Отелло», «Макбет» және «Кориоланус» фильмдеріндегі басты рөлдерді сомдайды. 90-жылдары актер Бродвей театрында Дэвид Харенің «Скайлайт» пьесасының қойылымында басты рөлді сомдап, дебют жасады. 2015 жылдың басында Гэмбон есте сақтаудағы қиындықтарға байланысты театрлық мансабынан кететінін жариялады.

Пікірлер